Ақмола облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Бүгін Астрахань облысында Алматы-Екатеринбург тас жолында жүк көлігінің тіркемесі өртенді», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ.