Алматы облысында «Қазпоштадан» миллиондаған қаржы жымқырылғаны айтылды

771
Adyrna.kz Telegram
фото: gov.kz
фото: gov.kz

Алматы облысында «Қазпоштадан» миллиондаған соманың ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуін талдау нәтижелері бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, іс Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Тергеу барысында "Қазпошта" АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды.

Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.

Келтірілген залал сомасы 80 миллион теңгеден астам.

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Пікірлер