"Қазпошта" жылусыз қалған Екібастұз халқына гуманитарлық көмек жинауды бастады

2840
Adyrna.kz Telegram

"Қазпошта" АҚ жылусыз қалған Екібастұз халқына гуманитарлық көмек жинауды бастады. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Достар, Екібастұзда 130 көпқабатты және 100 жеке тұрғын үй жылумен жабдықтаусыз қалды. Алда 30 градустан төмен аязды күндер бар. Біздің компания шетте қала алмады – бүгін Қазпошта гуманитарлық көмек жинауды бастайды. Астана мен Алматыдағы кез келген Қазпошта бөлімшесіне жылытқыш, көрпе, жылы киім және т.б. керек заттар әкелуге болады. Барлық көмек Екібастұзға компаниямыздың күшімен жеткізіледі", - деп жазды Әсел Жанасова.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер