Электронды оқулық – заман талабы

2640
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев экономиканы дамыту үшін цифрлы технологияларды күнделікті өмірге белсенді ендірудің маңызды екендігін атап өтіп, білім саласында да электронды оқулықтарға көшу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай «Атамұра» баспасы дәстүрлі қағаз оқулықтарының электронды нұсқасын дайындап, oqulyqtar.kz білім беру платформасында ұсынып отыр.

 Электронды оқулықтардың басты мақсаты − мектеп оқушыларының сөмкесін жеңілдету, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және оның сапасын арттыру.

Oqulyqtar.kz білім беру платформасы қазақстандық серверлерде орналасқан. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Осы платформадағы электронды оқулықтар мемлекеттік стандартқа және оқу бағдарламаларына сай жасалған. Электронды оқулықтарды пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқушылардың үлгерімін жақсартады, интерактивті тапсырмалары оқуға деген қызығушылықты тудырып, білім алу нәтижесін тез бағалауға көмектеседі.

Электронды оқулықтардың ерекшеліктері:

  • Мультимедиялық ресурстар, яғни аудиожазба және бейнежазба, интербелсенді тапсырмалар, түрлі иллюстрациялар, бейнематериалдарды бірнеше рет қайталап көре алу мүмкіндігі күрделі тақырыптарды тез қабылдап, жеңіл түсінуге көмектеседі.
  • Жеке немесе бірлескен топтық жұмыстар оқу барысын түрлендіріп, қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
  • Интерактивті глоссарий, түрлі пәндер бойынша тақырыптарды іздеу және талдау − жасанды интеллект пен пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асырылады.
  • Электронды оқулықтар кез келген сәтте, кез келген орында, кез келген құрылғыда қолжетімді.

Мысалы, oqulyqtar.kz білім беру платформасындағы 1-сыныпқа арналған «Әліппе» электронды оқулығында қазақ әліпбиін үйрету үшін ұлттық киім киген балалардың қатысуымен анимацияланған бейнероликтер берілген. Аудиожазбалар арқылы қазақ мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштарын тыңдауға, интерактивті тапсырмаларды орындауға болады.

 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешені Блум таксономиясы, Штернбергтің моделі негізінде, сонымен қатар спиральдық принципті ескере отырып әзірленді.

Жобалық технологияны қолдану оқушыларға тек теориялық білім алып қана қоймай, оны практикада қолдануға және жеке, ұжымдық оқытуда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл оқу тиімділігін арттырады және оны қызықты етеді.        Электронды оқулықта кейбір материалдардың ойын түрінде берілуі жаңа сабақты меңгеруге, түсінуге, тексеруге және пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Бұған дейін мектептерде 3-сыныпқа арналған «Көркем еңбек» болып оқытылып келген пән биылдан бастап «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» деп екі пәнге бөлінді. Аталған оқулықтар оқушының жас ерекшелігіне сәйкес алуан түрлі тақырыптан, түсінуге жеңіл мәтіндер мен әсем безендірілген иллюстрациялардан тұрады.

       Сабақ аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін, түрлі бұйымдар жасаудың шығармашылық барысын көрсететін «Еңбекке баулу» оқулығының электронды нұсқасында бейнероликтер көрсету, аудио жазбаларды тыңдату, түрлі интерактивті тапсырмаларды орындату оқытуды жан-жақты қызықты өткізуге септігін тигізеді.

        «Бейнелеу өнері» оқулығының электронды нұсқасында оқушылардың қызығушылығын оятып, танымын дамытатын интерактивті тапсырмалар, аудио-бейнежазбалар, сурет салу жолдары,  маңызды ақпараттар берілген. Электронды құрал арқылы сұрақтардың жауабы мен суреттерді сәйкестендіреді, суреттерге пішім таңдайды, заттардан үйлесімді натюрморт құрастырады, онлайн бағдарлама арқылы сурет сала алады. Демек, оқушылар сабақ материалын меңгерумен қатар, заманауи ақпараттық құралдарды қолдануға үйренеді.

 Оқулықтардағы интербелсенді тапсырмалар мен тәжірибелер оқушылардың білімдерін іс жүзінде қолдануға, белсенді болуға, ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық жұмыстарға бейімделуіне ықпал етеді.

Электронды оқулықтардың Оқу-әдістемелік кешеніне жазылуға және оларды оқу процесінде кеңінен қолдануға болады. Ол үшін:

1) oqulyqtar.kz платформасында жеке пайдаланушы ретінде «Атамұра» пакетін таңдау керек;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтында корпоративті пайдаланушы ретінде тіркелу қажет.

 

Пікірлер