Қателікті мойындаған №122 қаулы. Парламент Желтоқсан оқиғасын бағалауға қадам жасаған күн

801
Adyrna.kz Telegram

1990 жылы 24 қыркүйек күні ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаларға байланысты мән-жайларды түпкілікті бағалау жөніндегі комиссияның қорытындылары туралы №122 қаулының алғашқы ресми құжатын қабылдады.

Онда жастардың алаңға шығып сөз сөйлеуі ұлтшылдық емес екені және бастапқы кезеңде құқыққа қарсы сипатта болмағаны туралы айтылды.

1989 жылы депутат Мұхтар Шаханов Мәскеуде СССР халық депутаттарының бірінші съезінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты Совет Одағы үшін даулы мәлімдеме жасайды. Ол одақ деңгейінде тікелей эфирден көрсетілген съезд мінберінен Алматыда 1986 жылғы желтоқсанда Мәскеу шешіміне наразылық білдіріп алаңға шыққан қазақ жастарының шеруін биліктің басып-жаншуы және одан кейін республикада жүргізілген қуғын-сүргін туралы баяндайды. Ешкім күтпеген бұл мәлімдемесінде депутат Желтоқсан оқиғасын әділетті тексеру үшін комиссия құру қажеттігін айтқан.

Осы съезге дейін одақтық баспасөзде Желтоқсан оқиғасына біржақты баға беріліп келген еді. Шахановтың мәлімдемесінен соң бұл мәселеге қоғам мен билік басқаша қарай бастайды.

1990 жылы мамыр айының 14-18-і аралығында "Желтоқсан" ұйымын саяси аштыққа шығады. Талап: "Қазақ ұлтшылдығы" деген қаулы жойылсын, түрмеде жазықсыз жаза өтеп жатқан желтоқсандықтарға бостандық берілсін, Желтоқсан жендеттері жазаға тартылсын.

Кейін 1990 жылы 24 қыркүйек күні ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаларға байланысты мән-жайларды түпкілікті бағалау жөніндегі комиссияның қорытындылары туралы №122 қаулы қабылданады.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумында комиссия материалдарын қарап, КСРО халық депутаты М.Ш.Шаханов 1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының өнер көрсетуі ұлтшылдық емес және бастапқы кезеңде заңсыз сипатта болмағанын атап өтеді.

Қаулы мәтінінде, жастар наразылығының бірден-бір себебі орталықтың республика халқы мен партиялық бұқарасының пікірін ашық ескермеуі және республикаға онша танымал емес партия қызметкерін Орталық Комитеттің бірінші хатшысы етіп тағайындауы болғанын жазылады.

Пікірлер