Заңсыз қолды болған активтер жайы. Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылмақ

2502
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан үкіметінің отырысында "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС құру мәселелері қарастырылды.  2023 жыл, 21 қыркүйектегі қаулыға сәйкес, қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалды.

Құжатта:

Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы", – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын, делінген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  • серіктестік жарғысын бекітуді;
  • мемлекеттік тіркеу үшін серіктестік атынан құжаттарға қол қоюға, серіктестік органдары құрылғанға дейін қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлғаны сайлауды;
  • серіктестікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді. Аталмыш қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер