"Шындық биігінде жолығайық". Мұхтар Шаханов бата берді
"Шындық биігінде жолығайық". Мұхтар Шаханов бата берді
16.12.2025
115
Аңыз ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Тәуелсіздік күні қарсаңында бата берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақынның бейнесін инстаграм желісінде almatypovar_aigul есімді қолданущы жариялаған. Видеода Мұхтар Шаханов өзінің жүрекжарды тілегін айтып, батасын «Шындық биігінде жолығайық» деген сөздермен түйіндеген.
Парақша иесі жазбасында Желтоқсан оқиғасының Тәуелсіздіктің бастауы екенін атап өтіп, 1986 жылғы 16 желтоқсанда жазықсыз жапа шеккен жастарды еске алу маңызды екенін жазған.
Желтоқсан оқиғасынан кейін 1989 жылы Бүкілодақтық пленумда Мұхтар Шаханов 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне біржақты баға берілгенін ашық айтып, алаңға бейбіт шеруге шыққан жастарға қарсы күш қолданылғанын мәлімдеген.
Сондай-ақ бұл оқиғаға әділ баға беру үшін тәуелсіз комиссия құруды талап еткен. Желтоқсан оқиғасын зерттеу жөнінде арнайы комиссияда Мұхтар Шаханов мүше болды. Осыдан кейін көтеріліске берілген біржақты баға тоқтатылып, оқиғаға жан-жақты сараптама жасала бастады.