Ермек Маржықпаев Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұған дейін ол Туризм және спорт министрі қызметін атқарған болатын.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.
Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды. 2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті. 2023-2024 жылдары – Туризм және спорт министрі болды.