Баспана кілті табысталды

180
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданының орталығында тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға баспана кілті табысталды.

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешу қажеттігін айта келе: «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударып, олардың баспанаға қол жеткізуіне барынша жағдай жасауымыз керек» – деп Үкіметке тапсырма берген болатын.

        Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл Казталов ауданы бойынша 28 елді-мекенде үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап қос пәтерден 116 үйге қаржы бөлініп, қолданысқа берілуде.

           БҚО әкімі Нариман Төреғалиев баспанаға ие болған азаматтарды құттықтап, тұрғын үй кілтін салтанатты түрде табыс етті. Баспана иелері мемлекеттік бағдарламаның ауданда жүзеге асуына ықпал еткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді.  

        – Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ауыл-аймақтарды дамыту бойынша берілген тапсырмасының арқасында баспаналы болып жатырмыз. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуына ат салысқан барша азаматтарға және жаңа баспана салып берген мердігерге ризашылығымды білдіремін. Баспана иелерін бүгінгі қуаныштарымен шың жүректен құттықтаймын. Алдағы өтетін референдумда еліміздің ертеңі үшін отбасымызбен өз таңдауымызды жасайтын боламыз. Мемлекетіміздің қолдауының арқасында баспаналы болатын отбасыларымыз көп болсын,   –деді Казталов ауылының тұрғыны Арайлым Сансызбаева.

          Кәсіби медиатор, еңбек ардагері Марат Тоясов та бағдарламаның игілігі мол екенін жеткізді.

      –    Соңғы уақытта ауданымызда тұрғын үйлердің салынуы қуантарлық жәйт. Президентіміздің тікелей тапсырмасымен облысымыздың бірнеше аудандарында және Орал қаласында санаулы күндердің ішінде жаңа баспаналар бой көтергеніне баршамыз куәміз. Президентіміздің бастамасымен 6-қазаңда өтетін референдумға жерлестерімізбен белсене қатысып, елімізде атом электр станциясының салынуы үшін таңдау жасаймыз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, берекелі баспанада бақытты ғұмыр кешіңіздер! – деді ол.

Пікірлер