«Қазақстан елшісі де бар». Пәкістанда елшілер кортежін алып жүрген көлік жарылды

1328
Adyrna.kz Telegram

22 қыркүйек күні Пәкістанда 12 мемлекеттің елшілері отырған кортежді алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылды. Олардың арасында Қазақстан елшісі де болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, делегация өкілдерінің Исламабадқа оралғанын айтты.

«Үш полицей жараланып, біреуі қаза тапты. Дипкорпус өкілдері зардап шеккен жоқ, барлық елші Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туризм конференциясына қатысу үшін Сват қаласына жіберілді», - деді ол.

Пікірлер