"Әлем чемпионы боламын деп ойламадым": Қазақстандық боксшы алтынға ие болды

4388
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Элина Базарова бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды. Бұл туралы baq.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Алтын" үшін Қазақстандық боксшыға Германия өкілі Куцохрист Хризовалантпен күресуге тура келді. Нәтижесінде төрешілер бір ауыздан Элина Базароваға жеңіс сыйлады– 5:0 (30-26, 30-26, 30-27, 29-27, 29-27).

 "Өте қуаныштымын. Мен ешқашан әлем чемпионы боламын деп ойлаған емеспін. Арманым орындалды. Мен өзімнің алтын медалімді Қазақстанға, өз халқыма арнаймын! Сіздерге көп рахмет", - деді Базарова.

Қазақстандық боксшы бірінші раундында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

 

Пікірлер