Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы жол апатынан соң полициядан қашып кеткен

1009
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяда қазақстандық жігіт жол-көлік оқиғасынан кейін полициядан қашып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Азамат А. бізбен бірге өз еркімен келгендіктен, оған қатысты ешқандай физикалық шара қолданылған жоқ. Қазіргі уақытта қашқынды іздестіріп жатырмыз», - деді полиция.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 20 қыркүйек күні кешкі сағат 18:18-де Кёнги провинциясының Ансон қаласындағы Чонбу экспресс жолында болған. 20 жастағы Қазақстан азаматы тізгіндеген көлік оның алдында келе жатқан көлікпен соқтығысқан деп хабарланды.

Айтуынша, сағат 21.20-да қазақстандық азамат саусақ ізін тану құрылғысымен тексеру кезінде полицейлерді итеріп жіберіп, қашып кеткен.

Мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматының 2024 жылдың шілдесіне дейін ғана Оңтүстік Кореяда тұруға рұқсаты болған.

Пікірлер