13 жылдан кейін. Астанада LRT құрылысы қайта жанданды

1024
Adyrna.kz Telegram
фото: ©Айнаш Сейтмуратова
фото: ©Айнаш Сейтмуратова

13 жылдан кейін жанданған Астанадағы барлық LRT құрылысының тіректері орнатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Тіректердің құрылысы 100% аяқталды», - деді City Transportation Systems.

2,5 мың адам 22 шақырымдық LRT пойыз жолына тірек болатын 799 тірек тұрғызып біткені айтылды.

«Оларды толтыруға 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені 2-2,4 метр, үстіңгі бөлігі 6,8 метр, биіктігі трассаның рельефіне байланысты 5-тен 18 метрге дейін өзгереді, бір тіректің орташа салмағы 200 тоннаны құрайды», - делінген хабарламада.

Құрылыс 2011 жылы басталды, жоспар бойынша 2020 жылы салынып бітеді делінген, бірақ мерзімдері өзгеріп, кейін сыбайлас жемқорлық істеріне байланысты жоба толығымен тоқтап қалған. 2023 жылы Тоқаевтың тапсырмасынан кейін құрылыс жандана бастады. Жоспарға сәйкес, LRT 2026 жылы толықтай іске қосылады деп уәде етілген.

Пікірлер