Журналист Ұранқаеваның Үкімет үйіне кіру құқығы қалпына келтірілді

984
Adyrna.kz Telegram

Журналист үкімет ғимаратына кіру құқығын қайтарып алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналист Жәния Ұранқаеваға қатысты «Әділ сөз» қоры үкімет аппаратына жасаған өтінішінен кейін, Үкіметтің баспасөз қызметі уақытша шектеулерді қайта қарағаны мәлім болды.

Ұранқаеваға 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін өз қызметтерін толық орындауға мүмкіндік берді.

Осы жылдың 10 қыркүйегінде үкімет өткізген брифингте Ұранқаеваға қатысты мәселені көтерген тілшілер жауаптыларға сұрақ қойған болатын.

Жәния Ұранқаева өз сөзінде қолдаған әріптестеріне алғысын айтты.

«Бүгін (10 қыркүйек) менің үкімет отырысына қатыса алмаған алғашқы күнім болды. 6 қыркүйектен бастап, мені ол жерге кіргізбейді. Дегенмен, менімен иық тірестіріп қызметтес болып жүрген әріптестерім маған қолдау білдірді. Олар мені қолдап, қорғап, осы қиын сәтте арқа сүйеріме айналды және мен оларға ризамын», — деді Жәния Ұранқаева.

Сондай-ақ аталмыш мәселеге «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова пікір білдірді.

«Алдағы күндері Үкімет аккредитация ережелерін  ашық түрде талқылауға мүмкіндік береді. Бар жағдайдың егжей-тегжейін айта алмасам да, журналистер қауымының ұстанымдары ескеріледі деген нақты үміт бар екенін айтқым келеді. Келіссөздер барысында осы шешімге келген Үкімет аппаратының кәсіби ұстанымына шын жүректен алғысымды білдіремін», — деді «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова.

Пікірлер