Түркі дүниесінің халықаралық поэзия фестивалі

156
Adyrna.kz Telegram

Құрметті, жыр сүйер қауым! 2024 жылы 25-28 қыркүйек аралығында Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Халықаралық “ТҮРІКСОЙ” ұйымы және "Тұлға-достық" қоғамдық қоры Алматы қаласында «Түркі дүниесі жас ақындарының халықаралық поэзия фестивалін» ұйымдастырады.

Фестивальдің мақсаты:

  • Түркі дүниесінің бірлігін насихаттау;
  • Түркі дүниесі жас ақындарының байланысын нығайту;
  • Түркі дүниесінің әдебиеті мен мәдениетін дәріптеу;
  • Түркі дүниесі жас ақындарының көз аясын кеңейту, тың шығармалар жазылуына мұрындық болу.

​Бұл мәдени шараға Қазақстаннан, Түркиядан, Әзербайжаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Түркіменстаннан түркі дүниесі елдерінен жас ақындар келеді. Мәдени шараның ашылуына мәдениет саласының басшылары, Халықаралық «Түріксой» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев,
Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Қанабек Иманалиев және Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысады.
Сіздің 26 қыркүйек сағат 11:00-де Жетісу ауданы "Поэзия аллеясында" өтетін фестивальдің салтанатты ашылуына,
осы күні сағат 17:00-де “Алатау” дәстүрлі өнер театрында өтетін жыр кешіне келіңіздер!

Біз сіздерді күтеміз! Ақындар шаһары Алматыға жыр жауғанына куә болыңыздар.

Пікірлер