Құрметті, жыр сүйер қауым! 2024 жылы 25-28 қыркүйек аралығында Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Халықаралық “ТҮРІКСОЙ” ұйымы және "Тұлға-достық" қоғамдық қоры Алматы қаласында «Түркі дүниесі жас ақындарының халықаралық поэзия фестивалін» ұйымдастырады.
Фестивальдің мақсаты:
- Түркі дүниесінің бірлігін насихаттау;
- Түркі дүниесі жас ақындарының байланысын нығайту;
- Түркі дүниесінің әдебиеті мен мәдениетін дәріптеу;
- Түркі дүниесі жас ақындарының көз аясын кеңейту, тың шығармалар жазылуына мұрындық болу.