"Хәлі ауыр". Солтүстікте әйел адам сабақ оқымаған қызын пышақтап тастаған

1138
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстанда әйел адамның өз қызына пышақ жарақатын салғаны айтылуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Зәкиева хабарлады. Оның сөзінше, 11 жастағы қыздың жағдайы ауыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, әйелдің үй тапсырмаларын орындамағаны үшін 11 жастағы қызына пышақ жарақатын салған. Қазір қыз аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға ауыстырылды.

"Хәлі ауыр. Бұдан бөлек комиссия құрылып, сараптама тағайындалды. Аталған оқиға СҚО бойынша өңірлік уәкілдің бақылауына алынды", - деп жазды Зәкиева Instagram-дағы парақшасында.

Қазір оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Пікірлер