Жағдайы ауыр. Атырауда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

327
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде үш жасар бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сүйенсек, қараусыз қалған бала 2-қабаттан құлаған. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтты.

"Оқыс оқиға 16 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болды. Бала алты қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. 2021 жылы туған бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", -  деді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Фаруза Қайроллина.

Пікірлер