БН-350 реакторының экс-қызметкері: АЭС бізге ауадай қажет

3117
Adyrna.kz Telegram

Асылан Болатов Ақтау пластмасса зауыты мен БН-350 реактор қондырғысының құрылысына белсенді қатысқан тәжірибелі маман. Ол Қазақстанда АЭС салу турасында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

- БН- 350 атом реакторының үздіксіз жұмысының нәтижесінде жарық пен судан таршылық көрмедік. Қазір реакторды істен шығару жұмыстары жүзеге асырылуда.Бүгінде қала халқы үшін сумен және электр қуатымен жабдықтау мәселесі күн өткен сайын өткірленіп барады. Қала аумағын көгалдандыру, жасыл желекті уақытылы суғару жұмысында да қиындықтар кезігеді, - дейді Асылан Болатов.

Ол атом станцияларын салу өте маңызды деп санайды.

- Бір-екі емес, бірнеше АЭС салу қажет деген пікірдемін. Сонда ғана сумен жабдықтау жүйесі біріздендіріледі. Атом электр станцияларын ресейлік мамандардың қатысуымен салған жөн. Қай тараптан қарасақ та тиімді. Құрал-жабдықты алыс шетелден арбалаудың қажеті жоқ. Мен болашақ ұрпақ үшін электр станциясын салуды қолдаймын. Балаларымыз бен немерелеріміз су мен жарық мәселелерін білмей өмір сүрсе екен деймін. Өркениеттің осы игіліктері әрдайым қолжетімді болса, тарифтер құны да көтерілмес еді, - дейді Асылан Болатов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер