Маймыл шешегіне қарсы алғашқы екпе мақұлданды

783
Adyrna.kz Telegram

Даниялық өндіруші Bavarian Nordic A/S компаниясының MVA-BN екпесі алдын ала біліктіліктен өткен және маймыл шешегіне қарсы алғашқы дәрі деп танылды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ( ДДСҰ) мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, ересектерге MVA-BN вакцинасының екі дозасын төрт апта аралықпен егу 82 пайыздық тиімділікке ие. Екпенің қолжетімділігі шектеулі болған кезде ДДСҰ бір доза қолдануды ұсынады, бұл 76 пайыз тиімді.

«Шешек ауруына қарсы екпе – Африкадағы қазіргі індет жағдайында да, болашақта да осы аурумен күресудегі маңызды қадам. Біз қазір екпелерді сатып алуды, донорлықты және орналастыруды шұғыл түрде кеңейтуіміз керек. Осы вакциналарға өте қажет жерде тең қолжетімділікті қамтамасыз етуіміз керек...»,-  деді ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус.

Нәрестелер, жас балалар, жүкті әйелдер және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар үшін вакцинаны иммунизацияның пайдасы ықтимал қауіптерден асып түсетін жағдайларда қолдануға болады.

Пікірлер