«Феминита» атом электр станциясының құрылысына қарсылық білдірді

774
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Қыркүйектің 7-сі күні Алматыда ЛГБТ белсенділері АЭС құрылысына қарсы екенін айтып, пікірталас өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бұл кімге және не үшін қажет? Естеріңізде болса, біз 7-10 қазан аралығында Алматыда Қазақстан тарихындағы тұңғыш лесбияндық Құрылтайды өткізіп жатырмыз. Оның негізгі тақырыбы экология және біздің болашағымыз болмақ. Сессиялардың бірін біз атом электр станцияларының құрылысына қарсы тұруға арнаймыз", - делінген топ хабарламасында.

ЛГБТ белсенділері АЭС құрылысына қарсылық акциясы Алматыдағы «Алма» қонақ үй кешенінде өтті.  «Феминита атом электр станциясының құрылысына қарсы» атты лекциясына қозғалыс жетекшілері Секербаева мен Сержан, әйел белсендісі Г.Өтебаева, экологтар К.Атаханова мен Г.Кәкімжанова қатысты.

Айта кетейік, елімізде ЛГБТ-ға қарсы петиция жарияланған болатын. Оны Бағила Балтабаева жариялап, қазақстандықтар жаппай қол қойған еді.

Пікірлер