«Ұят». Астанадағы ЛГБТ қауымдастығының өкілдері түсірілген видео желіде қызу талқылануда

3229
Adyrna.kz Telegram
Фото: уикипедия
Фото: уикипедия

Әлеуметтік желіде Астанадағы ЛГБТ қауымдастығының өкілдері түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

«Бұл сұмдық! Олар біздің кішкентай қыздарымыздың арасында ЛГБТ-ны насихаттайды», - делінген видеоның сипаттамасында.

Видеодан жасөспірім қыздардың ЛГБТ жалауын көтеріп тұрғанын көруге болады. Бейне авторы оларға жақындай бастағанда, олар оны камераға түсіріп, «ұят» деп айқайлай бастаған.

Одан әрі диалогқа белсенді Жанар Секербаева қосылып, видеоның кейіпкерлерін қорғап, болып жатқан жайт ЛГБТ насихаты емес екенін айтты.

Видео Астанада әйелдер құқығын қорғау митингісінен кейін түсірілген деген болжам бар.

Пікірлер