Журналист Асхат Ниязов әкімдікті түсіргені үшін ұсталғанын айтты

1099
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Алматы полициясы журналист Асхат Ниязовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Обожаю" YouTube арнасының авторы, журналист Асхат Ниязов ұсталған.

Журналистің айтуынша, Алматы әкімдігінің күзетшісі "ғимарат маңында күдікті адамдар жүр" деп рапорт жазған. Ниязовтың ұсталуына қатысты полиция пікір білдірді.

 "Күдікті адамдардың мемлекеттік қорғауға алынған нысанды түсіріп жатқаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлаймыз. Жеке басын және істің мән-жайын анықтау үшін азаматтар Бостандық аудандық полиция Басқармасына шақырылды. Мән-жай анықталған соң олар босатылды", - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.

Ал журналист қала күніне байланысты арнайы шығарылым дайындап жатқанын хабарлаған.

"Олардың мені екі көлікпен, 6-7 полиция боп іздегені қатты таңғалдырды. Маған хабарласып, келуімді сұраса да өзім барар едім. Мен тек әкімді іздеп жүргенім туралы түсініктеме бердім", - деді Ниязов.

Пікірлер