Бакуде түркі елдеріне ортақ әліпби жобасы қабылданды

1024
Adyrna.kz Telegram

Бакуде Түркі академиясы мен Түркі тіл институты өткізген комиссия отырысында түркі елдеріне ортақ әліпби жобасы келісілді. Ол 34 әріптен тұратыны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы TRT Haber сайтына сілтеп.

"Бұл әліпби түркі халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтады. Ортақ әліпбидің дамуы түркі халықтардың тіл мұрасын сақтай отырып, оны дамытады", – делінген мәлімдемеде.

Бакуде Түркі академиясы мен Түркі тіл институты бірлесіп өткізген комиссияның үшінші отырысында шешім қабылданғаны хабарланды.

Мәлімдемеде сондай-ақ ортақ әліпбидің дамуы лингвистикалық мұраның сақталуына және түркі халықтары арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілген.

Пікірлер