Жазғы Олимпиада ойындарынан боксты алып тастауы мүмкін

1883
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті келесі Жазғы Олимпиада ойындарында бокстың болмауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олимпиада комитеті Томас Бах Лос-Анджелесте өтетін халықаралық ойындарда бокстың Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен шығарылуы мүмкін екенін хабарлады. Мұндай шешім 2025 жылы қабылданбақ.

“Мүмкін келесі жылы да қабылданып қалуы ғажап емес. Неғұрлым тезірек, тіпті, бірінші жартыжылықта шешім қабылданғанын қалаймыз. Бірақ одан ертерек болуы екіталай”, – деді халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Айта кетейік, каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алып тасталған болатын.

Томас Бах спорт түрлерінен боксты алып тастау туралы айту әлі ерте екенін айтады.

Пікірлер