Шымкент қаласында өрт қаупі сақталса, Түркістан аймағында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ал Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталмақ. Қарағанды облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында тұман күтіледі. Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Қазгидромет Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтілетінін хабарлады. Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталып, облыстың басым бөлігінде жел соғады.
Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын мен қар күтілуде. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.