11 желтоқсанда еліміздің кей өңірлерінде -45 градусқа дейін аяз күтілуде, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, Маңғыстау облысында көктайғақ, боран, сондай-ақ жел екпіні 15-20 м/с дейін болады деп күтіледі.
Ал Атырау облысында синоптиктер екпіні 15-20 м/с жел болады деп болжап отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында да жел екпіні 15-20 м/с дейін болып, түнде облыстың басым бөлігінде -45 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.
Ертең Алматыда да тұман түседі деп болжанып отыр.