"Әскерге тірідей барып, табытпен қайтты". Ақтауда оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі үндеу жасады

4387
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Ақтауда қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министрлігіне жүгініп, оқиғаны бей-жай қалдырмауды өтінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Маңғыстау облысында жараланған сарбаздың әкесі Қорғаныс министрінің атына видеоөтініш жолдады.

«Жалғыз ұлым әскерге тірідей барып, табытпен қайтты.

Ақтау қаласының әскери округіне бара жатырмын. Ұлымды тапаншамен бетінен атып тастаған. Бұл оқыс оқиға дейді. Офицер қарумен ойнап отырып, ол аяқастынан атылып кеткен дейді.

Мен Қорғаныс министрінен бұл істің жазатайым оқиға ретінде қарастырылмауын сұраймын. Бұл жазатайым оқиға емес: тапаншадан ату үшін патронын салып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойнайтын ойыншық емес. Қазір оны қамауға алды дейді. Істі тоқтатқысы келуі мүмкін. Мен бәрін мұқият зерттегім келеді», - деді сарбаздың әкесі.

Ер адам тергеу комитетіне барып, ары қарай ұлының денесін экспертизадан өткізбек.

Еске сала кетейік, әскерге өз аяғымен кеткен сарбаз ай-күннің аманында оқ тиіп, көз жұмған.

Пікірлер