«Мұнда Петр мен Павелдің қамалы болған». Желіде тараған видео талқыға түсті

4465
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде Петропавл қаласында 2 әйел мен ер адамның арасында туындаған кикілжіңнің видеосы таралы, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода екі әйел ер адамға Петропавл қаласы Ресейге қарасты аумақ екенін түсіндірген. Олардың бірі қазақ тілін білуге міндетті емес екенін, заңда ондай талап бекітілмегенін алға тартса, екіншісі Петропавл Ресейдің губерниясы екенін айтып, ер адамның қаладан кетуін талап еткен.

Мұнда Петр мен Павелдің қамалы болған, «Қызылжар» дегенді қайдан алдың? Тарихты білесің бе? – деп сөкті әйелдердің бірі.

Оған ер адам қаланың бұрынғы атауы «Қызылжар» екенін, болашақта да солай болатынын айтып түсіндірмек болды.

Желіде пікір білдірушілердің басым бөлігі елді арандатып, дүрліктіріп жүрген бейнежазба авторларын тауып, жазалау керегін айтса, кейбірі қаланың атауын жақын арада қазақшаға ауыстырмаса, сепаратистік пиғылдағы азаматтардың көбейетінін айтты.

Пікірлер