Қостанайда құрылыс жүріп жатқан мектептің қабырғасы опырылып түсті

891
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысында мектеп қабырғасы опырылып түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Наша газета-ға сілтеп. 

«7 қыркүйек күні үшінші қабат қабырғасының бір бөлігі опырылып түсті. Айта кету керек, ол кезде мектепте балалар мен мұғалімдер болмаған, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр, тез арада техникалық байқау жүргізіліп, қорытынды алынады. Кінәлілер жауапқа тартылады. Оқушылар қашықтықтан оқытуға көшірілді», - деп хабарлады аймақтық басқармадан.

Мәліметтерге сәйкес, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың маусым айынан бері жүргізілуде. Оқиға орнында білім басқармасының, облыс әкімдігі мен Әулиекөл ауданының өкілдері бірнеше рет болғаны атап өтілді.

«Жөндеу жұмыстарының мерзімін кешіктіріп жатқан мердігер компания «ПКФ ГРЕНАДА» ЖШС екені айтылды», - делінген хабарламада.

Пікірлер