Жамбыл облысында мектепке барған «Томирис патшайым» үшін мұғалімдерден ақша жиналған

1279
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде Томирис патшайымның киімін киіп, мектепке барған емшінің видеосы тараған. Бейнежазбада емшінің Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылының ортасында ұрандап келе жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ-қа тараған ақпаратқа сүйенсек, емші,  “Томирис” есімімен танымал балгер Гүлсара Суазқызының мектепке келіп кеткеннен кейін дау туындаған. Жергілікті тұрғындар мұғалімдерден жиналған ақшамен оған құрмет көрсетіп, күтіп алған.

Тuraninfo.kz ақпарат көзінің журналистері Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қанат Сматқа қоңырау шалып, жауап алған.

“Ол қонақтарды күтіп алу, жатар орынға жайғастыру, дастархан шығындарына аудан әкімдігінің де, біздің де еш қатысымыз жоқ” деп жауап берген әкім.

Гүлсара Суазқызы бастапқыда мектеп директоры Зәкімбаева Эльмираға хабарласып, ауыл тұрғындарымен қатар, мектеп оқушыларымен кездескісі келетінін жеткізген.

29 тамыз күні Томириске мектеп тарапынан «Туған жерге тағзым» — «Мектепке жол!» республикалық қайырымдылық акциялары аясында іс-шара ұйымдастырылған. Мектеп басшылығы журналистерге ұстаздардан емшіні күтіп алу үшін ақша жиналғанын растаған.

Гүлсара Суазқызы өзін ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мишель Нострадамус атындағы Проскопия ғылымдарының академигі деп таныстырған.

Пікірлер