Сібір жарасы анықталды. Үлкен Ақсу ауылына карантин енгізіледі

586
Adyrna.kz Telegram
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылына карантин енгізіледі. Бүгін, 5 қыркүйек республикалық ветеринариялық зертхана 2 бас ірі қара мал сынамаларында сібір жарасының бар екендігін растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Үлкен Ақсу ауылында тірі мал мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды. Аумақтық ветеринариялық инспекция жергілікті әкімдіктердің ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп, малды аулалық тексеру, вакцинациялау және мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Таралу ошақтарын жою шараларын іске асыру, оның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-ның республикалық эпизоотияға қарсы отряды елдімекенге көшіріледі. Бұл ретте қажетті мамандар мен арнайы техника бар”, – делінген мнистрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, ауылда ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүргені атап өтілді.

Пікірлер