Алматы толықтай карантинге жабыла ма?

3500
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бақылау-өткізу пункттерін құру және карантинге қаланы жабу не, жаппауға қатысты жоспарларын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау жүйесі барлық қиындықтармен күресуде. Бүгін біз қаланы толықтай жабу туралы мәселені көтеріп отырған жоқпыз. Біз өзіміз барлығын айтамыз, хабарлаймыз. "Таңертең тұрдық - қала жабық" деген ескертусіз дүниелер болмайды.

Денсаулық сақтау жүйесі жағдайдың ушығуына тосқауыл бола алмаған кезде және инфекция деңгейі шекті сызықтан шығып, басқарылмайтын жағдайға жеткенде, шешім қабылдау қажет болады. Әзірге біз қаланы жабудың қажеттілігін көріп отырған жоқпыз», - деді әкім.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер