Air Astana қызметкері Бибігүл Төлегеноваға дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбей қойған

1192
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Air Astana әуе компаниясынан халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік танытқаны үшін кешірім сұрау талап етілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"2024 жылдың 3 қыркүйегінде сағат 10:30-да Астанадан Алматыға ұшатын Эйр Астана 852 рейсінде қоғамның қайда бара жатқанын ойландыратын бір жағдай болды. КСРО халық әртісі және Қазақстанның халық әртісі, аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенова Air Astana әуе компаниясының қызметкері тарапынан дөрекілік пен құрметсіздікке тап болды. Бибігүл Ахметқызын мүгедектер арбасында ұшақ бортына өткізбек болғанда әуе кемесіне өтуді бақылайтын қызметкер тоқтатып, арбадағы жолаушылардың бірінші болып немесе ең соңғы жолаушы өткеннен кейін ғана өтуі керектігін дөрекі түрде ескерткен», - деп жазды Лека Савельева Facebook парақшасында.

Әуе компаниясының қызметкерлеріне Бибігүл Ахметқызының омыртқасында ауыр ақау бар екені хабарланды. Арбаға таңылған актрисаны қызы ертіп келе жатқанда, оларды кенеттен Air Astanа қызметкері тоқтатып, арбадағы жолаушылар бірінші болып отырып үлгеруі керек немесе соңғы жолаушы өткенше күту керек деп қатты ескерткен.

Осыдан кейін Бибігүл Ахметқызы қызметкерге өзінің Астана қаласының Құрметті азаматы екенін және оған қанша қатал ереже болса да, ерекше жағдай жасауға лайық екенін айтты. Компания қызметкері бұның бәрінен хабардар екенін, бірақ ереже адамдардың мәртебесіне, жасына немесе жағдайына қарамастан, бәріне бірдей қолданылатынын айтты.

"Компанияның қарттарды, әсіресе елімізді халықаралық аренада танытқан тұлғаларды құрметтеуді қызметкерлерге неге үйретпегенін білгіміз келеді? Негізгі құрмет-әдеп ережесі қайда? Неліктен осындай адамдарға клиенттермен жұмыс істеуге рұқсат етіледі? Ұлттық тасымалдаушы компания қызметкерлерінің мұндай мінез-құлқы масқара жағдай екені анық. Air Astana, баршамыздың сүйікті тұлғамыз Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға қатысты сіздердің түсініктемелеріңіз бен кешірімдеріңізді күтеміз!», - деп үндеу жасады Лека Савальева.

Ал әуе компаниясы бұл жағдайды қауіпсіздік үшін болғанын айтады.

«Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға деген құрметіміз ерекше! Air Astana әуе компаниясы үшін қауіпсіздік басты орында. Әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелеріне сай, арбада отырған жолаушылар ұшаққа ең бірінші болып немесе ең соңында мінеді. Яғни, осы ереже жолаушылардың бәрі үшін ыңғайлы, сондай-ақ, терминалдан эвакуациялау ережелеріне сай. Біздің қолымыздағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен оның қызы жолаушылар ұшаққа міне бастағанда келгнен. Сондықтан, әуе компаниясының агенті жолаушылар мініп алғанша күте тұрыңыздар деген. Әуе компаниясы осы оқиғаның орын алғанына қатты өкінеді және қызмет сапасын жақсарту үшін қосымша тексеріс жүргізеді», - деп жазған компания.

Пікірлер