Құндылықтар жүйесі балабақшада мультфильмдер негізінде жүзеге асуда

631
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы білім басқармасы.
Фото: Ақмола облысы білім басқармасы.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрі шығармашылық белсенділігін арттыру құралы ретінде, балалардың тілдік дағдыларын дамыту, тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің «Балдәурен» балабақшасында «Мультимагия» жобасы енгізілді.

Жоба мақсаты: Балалардың шығармашылығын дамыту арқылы, өнертапқыштыққа қызығушылығын арттыру, жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық, бірлік пен ынтымақтастық құндылықтарын бала бойына дарыту.

Мектепке дейінгі жас – баланың сөйлеу тілін белсенді меңгеру, сөйлеудің барлық аспектілерінің қалыптасуы мен даму (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) кезеңі. Бұл шақта ана тілін толық меңгеру дамудың сезімтал кезеңінде балаларды психикалық, эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеу міндеттерін шешудің қажетті шарты болып табылады.

«Халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен ертегі кейіпкерлерін саз балшықтан мүсіндеу балалардың қол моторикасын дамытады. Ал кейіпкерлерді сөйлету арқылы балалардың сөздік қорын молайту, қазақтың әдеби көркем тілінде сөйлеуге дағдыландыру көзделеді. Балалар мультфильмдерді әзірлеу барысында шағын мәтіндерді жаттау, рөлдерді сомдау арқылы белсенді қарым-қатынасқа түсіп, бірлескен қызмет арқылы кішігірім мәселелерді шешеді. Бүгінде балалар мультфильмдерді өздері де жасап үйренуде»,-деп айтты балабақша меңгерушісі Гульбану Мукашева.

Нақтылап айтсақ, білім беру үдерісіндегі мультфильм - бұл қазіргі визуалды және ақпараттық бай әлемде баланың дамуының жаңа әмбебап көп қырлы тәсілі. Бұл балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетіне негізделген инновациялық әдіс.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында 597 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 260 балабақша.

Пікірлер