Билік тиімсіз мемлекеттік БАҚ-тарды жекешелендіруді ұсынады

1131
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Елімізде кей мемлекеттік БАҚ-ты жекешелендіру ұсынылып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Мемлекеттік БАҚ-ты жекешелендіру бағдарламасына Astana Open Dialogue сарапшылары бірқатар ұсыныстарды енгізді.

Ең әуелі, қоғаммен және басқа да мүдделі тараптармен байланыста олқылықтардың, сондай-ақ жалған және бұрмаланған ақпараттың таралуын болдырмау үшін дағдарыс және төтенше жағдайлар кезіндегі мемлекеттік және басқа ұйымдардың ақпараттық, түсіндіру және үйлестіру жұмыстары бойынша нұсқаулықтарды жаңарту керектігін ұсынды.

Мемлекеттік БАҚ-ты жекешелендіру мақсатында журналистер мен өкілдеріне азаматтық қаржы операторымен өзара іс-қимылды көздейтін мемлекеттен гранттық қолдау алу ережелері мен тақырыптарын өз бетінше әзірлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мен мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тарату көлемі мен бағытын елеулі түрде қайта қарау керектігі де ұсынылды.

Одан бөлек, жекешелендіру жұмыстары негізінде салалық қазақстандық редакциялық және этикалық стандарттарды қалыптастыру мақсатында заманауи журналистика және ақпараттық жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша жұмыстарды жүргізу мәселесі де көтерілді. Сонымен қатар,

- үкімет пен мүдделі құрылымдарды БАҚ-қа қандай да бір нысанда қысым жасауға жол бермейтін шарттарда және форматтарда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуде ресми БАҚ-қа қолдау көрсетуге ынталандыру;

- Қазақ қоғамындағы бедел институтының негізін қалыптастыру үшін мемлекеттік және жеке басылымдар мен редакциялардың БАҚ мұрағаттарының сақталуын және цифрландырылуын қамтамасыз ету тұстары да ұсыныс ретінде енгізілген.

Пікірлер