Министр Балаева БАҚ өкілдеріне арнап жазба жариялады

2996
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева БАҚ өкілдеріне арнап жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Журналистер мен мемлекеттік органдардың өзара тиімді жұмысы қоғамның негізгі құқықтарының бірі – объективті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алайда, осы бірлескен жұмыс кезінде кез келген өркениетті қоғамда басты қағидаттардың бірі саналатын сыйластық, этика және мәдени қарым-қатынас толық сақтала бермейді.
Мәжіліс қабырғасында журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты орын алған жағдай, өкінішке қарай, аккредитация ережелерінің сақталмауы мен Премьер-Министрдің орынбасарының баспасөз хатшысының әрекетіне байланысты туындады.
Мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларда журналистер белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтау қажет екенін естен шығармағаны жөн.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне құрметпен қарап, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
Министрлік мемлекеттік органдардың барлық баспасөз қызметтерімен бірлескен жиын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтеді. Сонымен қатар, бұл бағытта Ақпарат комитеті де конструктивті диалог орнату бойынша жұмыстарды жандандырады", - делінген министр жазбасында.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер