Жамбыл облысында бюджеттен 700 миллион теңге заңсыз жұмсалмақ болған

1299
Adyrna.kz Telegram
Фото: its.kz
Фото: its.kz

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде бұзушылықтарды анықтады.

Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 млн теңгеден астам қаражатты енгізген.

Мысалы әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 млн теңге қаражат қарастырған. Алайда шығыстың осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған»,—делінген хабарламада.

Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды.

Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер