Бақытжан Байжановтың шағымы Жоғарғы сотта қаралмайтын болды

1052
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы сот Қуандық Бишімбаевтың немере інісі Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымын қарамайтын болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Б.А.Байжанов 2024 жылдың 26 тамызында өзінің сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтып алды. Сол себепті өтініш алдын-ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде шығады»-делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың ауыр жағдайы жайлы хабарламағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікірлер