"Ербаян үздіксіз әркімнен ақша сұрап жүрген". Журналист сарбаздың денсаулығы туралы айтты

1471
Adyrna.kz Telegram
Фото: kursiv.media.kz
Фото: kursiv.media.kz

Әлеуметтік желіде сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы талқыланып жатыр. Журналист Дина Төлепберген сарапшының пікірін парақшасына жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров ауыр соққы алған сардбаздың денсаулығына қатысты ақпараттарды айтты. Журналист Дина Төлепберген сарбаздың денсаулығына алаңдаған оқырмандарына ақиқаттың ашылуына тілектес екенін жеткізді.

"Адам өзінен-өзі құлап, мұндай ашық ауыр ми жарақатын алмайды”. Белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Ербаян Мұхтардың диагнозына қарап осындай қорытынды шығарып отыр. Ал әскеридегілер бізге белгісіз куәгердің сөзіне сүйеніп, сарбаз өздігінен құлады деуде. Оқиға осыдан 9 ай бұрын Алматыдағы 5571 бөлімшесінде түнгі сағат екілер шамасында жалпақ тілде “очко” дейтін жер-дәретханада орын алған көрінеді.

Туыстарының айтуынша, әскерде Ербаян үздіксіз әркімнен ақша сұрап жүрген. Ал әскерилер мұны түрлі тәтті алуға жұмсаған шығар деп отыр.

Тағдыры талқан болған тарланның тезірек тұрып, ақиқаттың ашылуын тілеймін…", — деп жазды журналист.

Пікірлер