Ақмола облысында биыл 60 астам білім беру нысаны жөнделді

878
Adyrna.kz Telegram

Жаңа оқу жылына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылатыны белгілі. Жөндеу жұмыстарын өткізгеннен кейін мектеп ғимараттары түбегейлі өзгеретіні жасырын емес.

Мысалы, өткен жылы Аршалы ауданындағы Анар станциясының мектебі 85 жыл бойы көрмеген жаңарудан кейін тұрғындардың қуанышына айналды.

Күрделі жөндеуден кейін білім беру ұйымдары жаңа кабинеттер, шеберханалар ғана жабдықталмай, сонымен қатар спорт алаңдары мен ыңғайлы тұрағы бар абаттандырылған аумаққа ие болады.

«Мектептерден басқа жөндеу жоспарына 3 балабақша, дарынды балаларға арналған мектептегі 1 интернат ғимараты, 2 арнайы білім беру ұйымы және балаларға арналған 2 сауықтыру орталығы кірді. Сонымен қатар, биылғы жылы негізінен ауылдық жерлерде орналасқан нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деп бөлісті облыстық білім басқармасы басшының орынбасары Валерий Гамазов.

Барлық нысандар бойынша алдын ала конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігерлік ұйымдар анықталып, жұмыс кестесі бекітілді.

Нақтылап айтсақ, 60 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге 11,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы есебінен 5,1 млрд теңге сомасына 33 білім беру объектісі жөнделді.

Сондай-ақ, облыстың 485 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған 826,4 млн теңге бөлінді.

Пікірлер