Жамбыл облысында жеңіл көлік пен танк соқтығысып қалды

1069
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/egovpress
Фото: t.me/egovpress

Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалды. Бұл туралы Telegram-дағы egov.press арнасында видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Әскери танк Жамбыл облысында ашық далада күтпеген жерден жеңіл автокөлікті қағып кетті. Ішінде жүргізуші болған. Егжей-тегжейлер анықталып жатыр», - делінген жазбада.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде "Танкке жол бер" белгісі қойылған. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Шағымы жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Пікірлер