“Адырна” ұлттық порталының ютуб арнасына TAS GROUP компанияларының басшысы, қазақтың Атымтай Жомарты, меценат, белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей сұхбат берді.
Ол сұхбат барысында қазақ тілінің мәселесіне ерекше тоқталды. Одан бөлек, айтыс өнерінің қыр-сырына тоқталды. Сұхбат барысында ол кәсіпкерлік саласының қоғамға берер мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. Әңгіменің соңына қарай кәсіпкер жас толқынға арналған ақыл-кеңестерімен бөлісіп, бағыт-бағдар беріп, жігерлендірді.