Боксшы Жанқош Тұраров БАҚ өкілдерімен кездесуге келмеді

1476
Adyrna.kz Telegram

Әнару Қалдыбекқызын зорлады деп айыпталған боксшы БАҚ өкілдерін шақырған конференциясына келмеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бокшсы Жанқош Тұраров желідегі парақшасында дүйсенбі күні баспасөз конференциясын өткізіп, жағдайға байланысты мәлімдеме жасайтынын айтқан еді. Алайда спортшы бүгін журналистер жиналған отырысқа келмеді.

Оның адвокаты Самат Мамытов конференцияға қатысып, БАҚ сұрағына жауап берді.

Адвокат Жанқош пен Әнару Құрманәлінің әлеуметтік желі арқылы таныс болғандарын растады.

«Екеуі әлеуметтік желі арқылы таныс. Хат жазысып тұрған. Бірақ ол хатта қандай әңгіме айтылғанын мен білмеймін. Қазір сіздерге қылмыстық іс материалдарынан ақпарат бере айта алмаймын. Себебі біз мәліметтерді жарияламау туралы құжатқа қол қойдық», - деді Самат Мамытов.

Одан бөлек, спортшының адвокаты “зорландым” дегенге бойжеткенге спортшының ақша ұсынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазір біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз: біріншісі – дерт немесе психикалық сипаттағы ауытқу; екіншісі – хайп, танымал болу немесе біреудің тапсырысы. Не болмаса басқа факторлар, мен оларды қазір айта алмаймын»-деді.

Конференцияда бокшсы Жанқош Тұраровтың қазір 28 қыркүйекте Алматыда өтетін сайысқа дайындалып жатқаны айтылды.

Ал адвокат тергеу қорытындысын күтуді сұрады.

Пікірлер