Scat ұшағына найзағай түсіп, рейс кестесі өзгерді

781
Adyrna.kz Telegram
nqz_airport
nqz_airport

Өткен демалыс күндері бір әуекомпаниясының ұшақтарына найзағай түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Boeing 737 әуе кемесіне найзағай түсіп, қызметі тоқтатылды. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Алайда ұшақ кестеден шығарылды.

«Өткен демалыста SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсіп зақымданды. Қазіргі уақытта ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты компания осы аптадағы 14 әуе рейсі кестесін өзгертуге мәжбүр», - делінген хабарламада.

Аталмыш ұшақтың жолаушыларына ейстер кестесін мобильді қосымша арқылы немесе әуе компанияның ресми сайтынан (scat.kz) тексеруді сұрайды.

Пікірлер