АҚШ-тың бесінші буын F-35 «көрінбейтін» ұшағы Батыс Азиядағы әскери базаға апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN-ге сілтеп.
Ұшақ Иран аумағында әскери тапсырма орындау кезінде зақымданған. АҚШ жауаптыларының мәліметінше, ұшқыш аман, ұшақ қауіпсіз жағдайда қонған.
Иран тарапынан келген ақпаратқа сәйкес, Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ-тың F-35 ұшағын жаңа әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен зақымдағанын мәлімдеді. Корпустың хабарлауынша, ұшақ 02:50-де соққыға ұшырап, ауыр зақым алған.
Бесінші буындағы F-35 ұшағы осылайша алғаш рет зымыран нысанасына ілігіп, зақымданып отыр. Бұл ұшақ радарға көрінбейтіндігімен де ерекшеленеді.
Ұқсас жаңалықтар
