Мопед мінген жүргізуші жүк көлігіне соқтығысып, көз жұмды

1124
Adyrna.kz Telegram

Астанада мопедті тізгіндеген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір аталмыш факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

ПД дерегінше, Астана тұрғыны мопед рулін басқара алмай КамАз-ға соғылған.

"25 тамызда сағат 21:14 шамасында мопед жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, тұрған "КамАЗ" автокөлігіне соқты. Апат салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды", - делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Пікірлер