"Ұлттық дизайн өнері заман талабына сай болуы керек" - сұхбат

2915
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталының кезекті сұхбаты ютуб арнаға жарияланы. Ой-талқының кезекті қонағы - Қазақстан этнодизайнерлер одағының президенті Салтанат Әмиқызы.

Ол ұлттық киім, түрлі саладағы мәселелерді талдап, өз ұсыныстарын ортаға салады. Дизайнер ұлттық дизайн ерекшеліктеріне тоқталып, бүгінде жоғалып бара жатқан киім үлгілері мен қолөнер үлгілеріне тоқталған. Этнография, ұлттық таным және ұлттық тәрбиеге қатысы мен әсері жайында ой бөліскен ол өз идеяларын жүзеге асыру жолдары туралы айтады. Бүгінде көп назарынан тыс қалып, ұмытылып бара жатқан нұсқалар жайы да спикердің назарынан тыс қалмаған. Ол қоғамда ұлттық киім үлгілері деп ұсынылған үлгілердің соған сәйкес келмей жататынын сынайды. Сұхбатта ұлттық киім киюді мектептен емес, парламенттен бастау жайы сөз болады. Қазақстан этнодизайнерлер одағының президенті жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық дизайнның алар орны туралы өз ұсыныстарын да баяндаған.

Пікірлер