Ресейді айналып өтетін жоба. Қазақстанның ТРАСЕКА-дағы Ұлттық хатшысы тағайындалды

1135
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан ТРАСЕКА-дағы Ұлттық хатшысын тағайындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа – Кавказ – Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің 9-бабына және 2010 жылғы 13 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы бекіткен ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығы туралы ереженің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Сапар Бектасов ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) болып тағайындалсын», - делінген қаулыда.

Айта кетейік, Бектасов бұған дейін көлік министірлігінің көлік саясаты департаментін басқарған еді.

ТРАСЕКА (TRASECA - Transport Corridor Europe-Caucasus-Asia) - Қара теңізді кесіп өтіп, Кавказ және Каспий теңіздері арқылы Орталық Азияға шығатын, Еуропадан Батыс-Шығыс бағытындағы еуроазиялық көлік дәлізі.

Пікірлер