Спортшы Назым Қызайбай экс-әріптесі Ангелина Лукас туралы айтты

1399
Adyrna.kz Telegram
Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров

Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай экс-әріптесінің неге Олимпиадаға бармағанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшы ұлттық құрамадағы бұрынғы әріптесі Ангелина Лукас туралы Tengri Sport-қа берген сұхбатында сөз етті.

«Әркім өз жолын таңдайды. Біреу жаттығу жасайды, нәтиже көрсетеді, енді біреу көп сөйлейді, бірақ ештеңе істемейді. Ангелина біраз нәрсе айтты. Ол сұхбатында Олимпиада ойындарына барғысы келетінін алға тартқан. Оған спаррингке қатысуға мүмкіндік те берілді. Меніңше, ол жеңіске жете алмайтынын білгендіктен де бас тартты. Егер шын қаласа, бәріне өзінің мықты екенін дәлелдейтін еді. Ол ешқандай мүмкіндік жоқ екенін жақсы білді. Оны кіммен қойсаң да жеңе алмайтын. Ол жақта жеті адам болды, олардың қай-қайсысы да Ангелинадан мықты. Сондықтан келмегені дұрыс болды деп ойлаймын. Мен оған тек сәттілік тілеймін, әрі қарай да кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, нағыз чемпиондық атақтарға қол жеткізуіне тілектеспін», - деді Назым Қызайбай.

Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұлттық құрамада бір салмақта өнер көрсеткен. Екі спортшы арасында жанжал туындап, арты шуға ұласқан еді.

Пікірлер